Паралимпиада-2022: Қазақстанның медальдар кестесіндегі орны белгілі болды

Бүгін қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.

Медальдар кестесінде Қазақстан Австралия және Швейцариямен бірге 17-орынға жайғасты. Қытай командасы – бірінші орында, украиналықтар – екінші орында, ал Канада үздік үштікті түйіндеді.

Еске сала кетейік, Александр Герлиц Қазақстанға жалғыз медаль әкелді, ол парабиатлоннан түрегеп сырғанауда қола жүлдегер атанды. Қазақстанның атынан Бейжіңдегі ойындарда бес спортшы – Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин өнер көрсетті.