Норвегия биатлоннан Әлем кубогының соңғы кезеңін қабылдайды

Холменколленде (Норвегия) биатлоннан Әлем кубогының соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс 17-20 наурыз аралығында өтеді. Оның аясында спринт, із кесу және масс-старт өтеді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Әлем кубогының жалпы есебінде француз Кентен Фийон-Майе мен норвегиялық марта Олсбю-Ройселанн көш бастап тұр.

Қазақстандықтардан ең үздік көрсеткіш Галина Вишневская-Шепоренко (62-орын) мен Әсет Дүйсеновке (92-орын) тиесілі.

Сондай-ақ...