Месси «Барселонаға» оралмайды

«ПСЖ» форварды Лионель Месси әзірше «Барселонаға» оралмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Diario Sport мәліметінше, Мессидің әкесі каталониялықтармен хабарласты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Мессидің отбасы мен клуб басшылығы арасында 8 тамыздан бері байланыс болмаған.

«ПСЖ» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында жеңіліп қалғанына қарамастан, Месси париждік клубпен екі жылдық келісімшарты аяқталғанша командадан кетуді жоспарлап отырған жоқ.

Дегенмен футболшының клубпен қарым-қатынасы жақсы. Ол карьерасын аяқтаған соң Барселонада тұруды жоспарлап отыр.