Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Сергей Воронов мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының бас бапкері қызметінен кетеді деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның келісімшарты 31 наурызда аяқталады. Ол бұл қызметте жеті ай ғана болды. Жаңа бас бапкер кеше Қазақстан коньки федерациясының онлайн отырысында сайланды. Бұл қызметті енді Әсем Қасанова атқарады.

Айта кетейік, Сергей Воронов – Ресейдің екі дүркін чемпионы (2008/2009), 2014 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.