Әлем кубогі: қарағандылық спортшылар паражүзуден 10 медаль иеленді

Италияда паражүзуден Әлем кубогінде қазақстандық жүзгіштер 18 медаль жеңіп алды, оның 10-ы қарағандылықтардың еншісінде.

Халықаралық біріншілікке 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан атынан жарысқа Ұлттық паралимпиада құрама командасының тоғыз спортшысы қатысты.