Тарихи медаль: Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

Белградта жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтуде.  Қазақстандық Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Надежда Дубовицкая жарыс қорытындысы бойынша 1 метр 98 см нәтиже көрсетті. Осылайша ол биіктікке секіру бойынша әлем чемпионатының қола жүлдесіне иелік етті.

Бірінші орынды Ярослав Магучий (Украина) жеңіп алды.  Екінші орынға австралиялық Элеонора Паттерсон жайғасты.