Қазақстандық велошабандоз Grand Prix Manavgat жарысының жүлдегері атанды

Қазақстандық велошабандоз халықаралық Grand Prix Manavgat жарысының жүлдегері атанды.

Қазақстандық велошабандоз Almaty Cycling Team командасының өкілі Иоган Штейн Grand Prix Manavgat жарысының жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бір күндік топтық жарысты спортшылар 149 км қашықтықты бағындырды. Отандасымыз Штейн тиісті қашықтықты 3 сағат 11  минут 15 секундта жүріп өтті.

Бірінші орынды Мамыр Сташ («Олимп» велоспорт клубы) иеленсе, жеңіс тұғырының екінші сатысына Михаил Кононенко («Sakarya BB Pro Team») көтерілді.

Алматылық клубтың тағы бір шабандозы Игорь Чжан сегізінші болып мәреге жетті.