Биатлон: Азия мықтылары Щучинскіде бас қосты

Ақмола облысында биатлоннан құрлықтық чемпионат өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бас-аяғы 100-ден аса спортшы жиналып, 10 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Жасөспірімдер арасындағы аламан күтпеген нәтижелер мен рекордттарға толы болды. Бас-аяғы 26 медаль сарапқа салынған. Нәтижесінде жалпы есепте ұлттық құрама алдына жан салмады. Әсіресе, Диас Омаров 2 алтын және 1 күміс пен 1 қола жеңіп алды. Ал қыздар арасында Мария Польдяева 4 қашықтық бойынша үздік атанып, қоржынға 4 алтын салды. Жалпы тізімде Моңғолия спортшылары екінші, ал Қырғыз елінен келген құрама үшінші орынға жайғасты.

Айдана Марат, Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметкері:

- Жасөспірімдер арасындағы чемпионат наурыздың 10-ы мен 20-сы аралығында өтті. Бұл бәсеке алдағы әлем чемпионатына дайындық болып саналады. Яғни 2023 жылы дәл осы жерде дүниежүзілік доданы қабылдаймыз. Айта кету керек, Қазақстан өз тарихында алғаш рет осындай құрметке ие болды. Біздің ендігі мақсатымыз – оған тыңғылықты дайындық жүргізіп, айтулы аламанды жоғары деңгейде ұйымдастыру.

Сондай-ақ...