«Хабар» арнасы «Өнер барысын» тікелей эфирде көрсетеді

Ұлыстың ұлы күні «Хабар» телеарнасында ұлттық өнер дәріптеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтсақ, ертең өнер саласындағы танымал тұлғалар мен жұлдыздар қазақ күресінен өзара мықтыны анықтайды. Бесінші рет ұйымдастырылған бәсекеге осы жолы 20 балуан іріктелген. Олар бес салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Биыл алғаш рет түйе балуандар анықталмақ. «Өнер барысы» жобасы «Хабар» арнасында 22 наурыз күні 13:00 де басталады.

Айдана Айтбай, «Хабар» телеарнасының продюсері:

- Тағы да бір ерекшелігі, ресейлік «Камизяки» командасының мүшесі қатысады. Бас жүлдеге ол кісі де таласады. Яғни географиялық ауқымы кеңіді деп айтсақ болады. Одан бөлек, «Өнер барысы» өздеріңіз білесіздер, бес сағат бойы тікелей эфирде көрерменін қуантып, бұл жерде отандық өнер жұлдыздар да өнер көрсетеді. Дәл сол күні «Хабар» арнасын қосыңыздар.