ӘЧ: Франция елшілігі қазақстандық спортшыға виза беруден бас тартты

Қазақстандық Михаил Шайдоров 21-27 наурыз аралығында Францияның Монпелье қаласында мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды «Хабар 24» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шайдоров ерлер арасында өтетін жеке сырғанауға қатысушылар тізімінде болған, бірақ Франция елшілігі қазақстандыққа виза беруден бас тартқан. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды. Алайда ол Франция елшілігінің визадан бас тарту себебін көрсетпеген.

Сонымен қатар Қазақстан атынан әлем чемпионатына Гаухар Наурузова мен Бойсангур Датиев би жарысы бойынша қатысатыны айтылған еді.

Мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет Францияның Монпелье қаласында болады. Жарыс 21-27 наурыз аралығында «Зюд де Франс» аренасында өтеді.