Кукушкин мен Попко Masters іріктеуінің финалына шықты

Майамиде өткен Masters іріктеуінің бірінші кезеңінде Дмитрий Попко (АТР нөмірі 175) бразилиялық Тиаго Монтейродан 6:4, 4:6, 6:4 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Жарыстың басты жеребесіне қатысу үшін қазақстандыққа бүгін түнде америкалық Джеффри Джон Вольфты (АТР бойынша 167-ші) ұту керек.

Тағы бір теннисшіміз Михаил Кукушкин (159 ATP) молдавалық Раду Альботтан (117 ATP) жеңісті жұлып алды - 4:6, 7:6 (9:7), 6:2.

Майамидегі іріктеудің финалында Кукушкин жапондық Шинатаро Мочизукимен (372 ATP) кездеседі.