Алтынынан айырылған Олимпиада чемпионы мәлімдеме жасады

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов медалінен айырылуына және ұзақ мерзімді дисквалификацияға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшы оның дәлелдері қабылданбағанын алға тартады. Бұған дейін ол медалінен айырылып, жарыстардан шеттетілгені хабарланды.

«Достар, Наурыз мейрамында CAS допингке қарсы департаментінің шешімі көңіліме қаяу салды.

Арбитр дәлелдерімді былтыр тамызда өткен тыңдау барысында қабылдамағаны өте өкінішті», – деп жазды ауыр атлет Instagram-дағы парақшасында.

Рахимовтың айтуынша, ол бұл шешімге шағымдануға ниет білдіріп отыр.