Мбаппе «Барселонаның» ұсынысын қарастыруға дайын

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе «Барселонаның» ұсынысын да қарастырып көруге дайын.

Бұл туралы L'Equipe сайтына сілтеме жасай отырып qazaqsporty.kz хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, француз үшін спорттық жоба маңызды. Дегенмен ол «Реал» клубына ауысу туралы ойынан да бас тартпаған.  

Бұған дейін каталониялықтар да Мбаппені өз қатарында көргісі келетіні айтылған.

Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылы аяқталады.

Биылғы маусымда француз 37 матчта 26 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.