Шаңғышы Анастасия Городко жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс алды

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының мүшесі Анастасия Городко Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Іріктеу сынында Городко 70,24 ұпаймен үшінші орын алды. Бірінші финалда қазақстандық спортшы 74,38 ұпаймен көш бастаса, екінші финалда 77,14 ұпаймен күмісті қанағат тұтты. 

Бұл сында американдық Элизабет Лемли топ жарса, оның отандасы Элли Макгуй қола жүлде иеленді.