Әлем чемпионы белбеуін елге әкелеміз – Ж.Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлы спорттық карьерасы жөнінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24» Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та кәсіби карьерасының даму жолына көңілі толатынын айтты.
«Біз төрт жылдан бері Америкадамыз. 11 жекпе-жек өткізіп, әлем чемпионының міндетті қарсыласы болдық. Аллаға шүкір! Әлем чемпионы белбеуін елге әкелеміз! Бұл күнге санаулы айлар қалды. Жоспар көп, мақсат айқын. Бірлік бар жерде, тірлік бар», – деп жазды Жәнібек Instagram парақшасында. Әлімханұлы келесі жекпе-жегінде британиялық Дэнни Дигнуммен орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін айқасады. Олардың жекпе-жегі 28 наурызға жоспарланған промоутерлік аукционға шығарылды.