loader

Италияда фристайл-могулдан әлемдік дода өтуде Olympic.kz.

Италияда фристайл-могулдан әлемдік дода өтуде

Жасөспірімдер арасындағы жарыста жерлестеріміз 2 күміс жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдымен Анастасия Городко жекелей сында жеңіс тұғырына көтерілсе, артынша ұлттық құрама жұптық сында үздіктер қатарына ілікті. Кейінгісінде ел намысын тағы да Анастасия Городко және Федор Бугаков қорғады.

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 

Қоржында қос алтын. Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні 24 шақырымдық бәсеке өтті. Бұл сында қазақстандық Евгений Федоров топ жарды. Ол аталған аралықты 28 минут 45 секундта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Екінші орында – Жапония өкілі Нариюки Масуда. Ол жерлесімізден 51 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті өзбекстандық шабандоз түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия деңгейінде бұрыннан үздік саналады. Әсіресе осы ерлер арасында спортшыларымыз алдына сан салмайды. Енді оған қыздарымыз да қосылып жатыр. Дәл осы құрлықтық додада Рината Султанова чемпион атанып, тарихи жетістікке жетті. Ол жекелей сында ең үздік нәтижені тіркеді. Күміс пен қола, сәйкесінше, Индонезия және Моңғолия бұрымдыларына бұйырды. Душанбедегі жарыс 31наурызға дейін жалғасады.

АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЖАРЫСЫ 

Аралас жекпе-жек шеберлерінің айқасы. Елордада ММА-ден жасөспірімдер арасындағы жарыс өтті. Оған қаладағы барлық клуб өкілдері қатысып, 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Яғни 100-ге жуық өрен 2 жас деңгейі бойынша сынға түсті. Қалалық чемпионатта жеңіске жеткендер енді құрама алынып, алдағы жарыстардға дайындықты пысқытайды. Республикалық бәсекеде дәл осы спортшылар бақ сынайды. Басы-қасындағы мамандар болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеп, қабілетті өрендерді әлемдік ареналарда, әсіресе, ЮФС не Белатор сияқты бәсекелерге шығаруды көздеп отыр.

ҮШІНШІ АЙНАЛЫМНАН АСА АЛМАДЫ 

Жерлестердің жолы болмады. Американың Майами қаласында теннистен рейтингілік турнир жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні үшінші айналым кездесулері өтті. Бұл сында қазақстандық Александр Бублик норвегиялық Каспер Руудпен жолығып, 6:3, 6:2 есебімен есе жіберді. Ойынның өзі 1 сағатқа ғана созылды. Қыздар арасында Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина да төртінші айналымға шыға алмады. Алғашқысы испаниялық тенисшіге есе жіберді. Бұнда да 6:3, 6:2 есебі тіркелді. Тағы бір қазақстандық Елена Рыбакина жаңа ғана америкалық Джессика Пегуладан жеңілді. Осылайша барлық жерлесіміз жарыс жолынан шықты. Майамидегі турнирдің өзі 4 сәуірге дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 8 миллион доллар.

Сондай-ақ...