Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін Италияда фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтті. Қыздар арасында параллельді могул бойынша сынға түскен отандасымыз жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кетерлігі, бұл Анастасия Городконың аталған әлем біріншілігіндегі үшінші медалі. Ол осыған дейін қыздар арасында жекелей сайыс пен аралас (микс) санаты бойынша күміс жүлдені жеңіп алған болатын.