Бірнеше спортшы допинг қолданған: ҚР ауыр атлетика федерациясы ресми мәлімдеме жасады

2022 жылы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бақылау қорытындысы бойынша төмендегі спортшылардан оң допинг-сынама анықталды:

  1. Әуелханов Абылай
  2. Сон Игорь
  3. Потасова Юлия
  4. Чалкарова Руфина
  5. Дроздов Алексей
  6. Макрушин Матвей.

Жоғарыда аталған барлық спортшы Алматы облысының атынан бақ сынайды.

Допинг қолдануға қарсы саясат ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізеді.