Молдованы қарымды қарсылас деп айта алмаймын – Қазақстан құрамасының капитаны

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Ұлттар лигасы аясында Молдовамен болатын қарымта кездесу туралы пікір білдірді, деп жазады qazaqsporty.kz.

Матч бүгін елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді.

«Молдовамен бұған дейінгі ойында жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Молдова құрамасы қарымды қарсылас деп айта алмаймын. Біздің деңгейіміз шамалас. Осы жолы да жеңіске жетеміз деп үміттенемін. Әрине, толқу бар. Федерация президенті мен бас бапкер ауысты. Бұл да әсер етеді. Бірақ қазір ол толқудың бәрі артта қалды», – Тағыберген.

Сырт алаңда өткен алғашқы кездесуде жерлестеріміз жеңіске жеткен – 1:2.