Қазақстандық боксшылардан Сербиядағы турнирге кімдер қатысады

Қазақстан құрамасынан 20 боксшы Белградта өтетін халықаралық Beogradski Pobednik турниріне қатысады, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Бұл құрамның басты жұлдызы – жеңіл салмақтағы әлем чемпионаты Теміртас Жүсіпов, сонымен қатар қатарда ұлттық құраманың бұрынғы бірінші нөмірі былғары қолғап шеберлері де бар.

Қыздардан жарыста тек Назым Ищанова (57 кг) бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының тізімі:

-51 кг - Теміртас Жүсіпов, Кенже Мұратұлы, Қуаныш Дүйсенбай және Даниял Сәбит.

-54 кг - Олжас Байниязов және Дәулет Молдашев.

-57 кг - Оразбек Асылқұлов.

-60 кг - Саматәлі Төлтаев және Бекзат Мақжан.

-63,5 кг - Мұхамедсабыр Базарбайұлы.

-67 кг - Дәулет Нысан.

-71 кг - Нұржан Аманкелді, Армат Арманұлы және Ермахан Жақпеков.

-75 кг - Ильяр Әшіров және Диас Молжігітов.

-80 кг - Ерасыл Жақпеков.

-86 кг - Мәди Әміров.

-92 кг - Ерхат Бекзат.

+92 кг - Дамир Тойбай.

Бүгін, 31 наурызда, ширек финалдық кездесулер өтеді. 1 сәуірге жартылай финал, 2 және 3 сәуірде финал жоспарланған.