Әлімханұлы әлем чемпионатына дайындығын бастады 

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белдікті сарапқа салады. Жаңа ғана қазақстандық боксшының 21 мамырда жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өтетін орны нақтыланып жатыр. Алдағы жекпе-жекте WВО тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпиондық белдік таласқа түседі.

Бірер күннен рейтингілік дзюдо жарыстары жанданады. Ең айтулы бәсекелердің бірі Түркияның Анталия қаласында өтеді. Осыған байланысты ұлттық құрама жасақталып, қазір соңғы дайындықты пысқытауда. Үлкен дулыға санатындағы турнирде 23 жерлесіміз бағын сынайды. Оның ішінде Елдос Сметов, Ғусман Қырғызбаев, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза және Ислам Бозбаевтар сияқты тәжірибелі дзюдошылар бар. Сәйкесінше, дәл осы спортшылардан үміт зор.Қалғандарықұрамаға енді қосылды және бас бапкер Ғалым Жылгелдеев оларды халықаралық деңгейде сынап көрмек. Анталиядағы аламанға 64 елден 500-ден аса спортшы қатысады. Дүниежүізілік дода 3 күнге созылады. Оның нәтижесінде спортшыларымыз арнайы ұрай алып, рейтингтегі жағдайын жақсарта алады. Бұл көрсеткіш алдағы әлем чемпионаттары мен олимпиада ойындарында шешуші рөл атқарады.

ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Ал қысқы спорт түрлері бойынша шешуші жарыстар өтіп жатыр. Мәселен, елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні 1500 метрлік бәсекелер болды және бұл сында батысқазақстандық Нұртілек Қажғали топ жарды. Әйелдер арасында павдолардық Ольга Тихонова үздік нәтиже тіркеді. Екінші жарыс күні қысқа аралықтағы жарыстар болды. Ерлер арасында тағы бір павлодардық Денис Никиша, ал, әйелдер арасында елордалық  Мәдина Жанбусинова чемпион атанды. Үздік үштікті Бейжің олимпиадасына қатысқан Яна Хан мен қостанайлық Алена Волковицкая  бар. Бұдан бөлек орта және алыс қашықтықтар бойынша, сонымен қатар, комадалық және аралас эстафета бойынша сындар өтеді. Жарыстың жалпы қорытындысы 1-ші сәуірде белгілі болады.

БАСКЕТБОЛДАН ВТБ БІРІККЕН ЛИГАСЫ 

Қатарынан алтыншы жеңіліс. «Астана» баскетбол клубы кезекті рет есе жіберді. ВТБ Біріккен лигасы аясында елордалық клуб Краснодардың «Локомотив-Кубань» командасымен жолыққан. Сырт алаңда өткен матч 109:57 есебімен аяқтады. «Астана» сапынан Максим Марчук пен Марк Тихоненко 10, ал, Роберт Пан 9, ал, Вадим Щербак 8 ұпай жинады. Қазір қазақстандық команда жалпы есептЕ ең соңғы яғни, 10-сатыда тұр. Бүгінге дейін 2 рет жеңіске жетіп, 12 рет жеңіліп қалды. Ал плей-оффқа өту үшін алдыңғы сегіздікке кіруі керек. «Астана» келесі кездесуін өз алаңында өткізеді