«Барселона» - «Реал» ойынында рекорд жаңарды

«Барселона» - «Реал» ойынында рекорд жаңарды
Prosports.kz

Чемпиондар лигасында «Барселона» мен «Реал» арасындағы матчқа 91 мың 553 көрермен жиналып, әйелдер футболына келген жанкүйерлер саны бойынша әлемдік рекорд жаңарды.

«Камп Ноу» стадионында өткен ширек финалда «Барселона» 5:2 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейінгі рекорд 23 жыл бұрын тіркелген. 1999 жылы Пасаденадағы стадионға АҚШ пен Қытай әйелдер құрамасының матчын тамашалауға 90 мыңдай көрермен келген еді.