Австралияда тікұшақ апатынан бес адам қаза тапты

Австралияның оңтүстік жағалауында тікұшақ құлап, ұшқыш пен жолаушылар қаза тапқан. Бұл туралы Виктория штатының полициясына сілтеме жасап «Хабар 24» хабарлады.

«Әуе бөлімшесінің полицейлері Блэрс-хат ауданында тікұшақтың бөлшекерін тапқан. Өкінішке қарай, ұшқыш пен бортта болған төрт жолаушы көз жұмды», – делінген полиция таратқан мәліметте.

Жолаушылардың барлығы Мельбурннан Улапна қаласына бара жатқан туристер болған. Көз жұмғандар –  32, 59, 70, 73 жастағы ер адамдар мен 50 жастағы әйел адам.

Қазір құзырлы органдар оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр.