Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты аяқталды

Ел үздіктері анықталды. Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Жарыстың соңғы күні 1000 метрлік бәсеке өтті. Бұл сында жергілікті Яна Хан топ жарды. Үздік үштікті қостанайлық Алена Волковицкая мен тағы бір елордалық Мадина Жанбосынова түйіндеді. Ал ерлер арасында оралдық Нұртілек Қажығали қарсылас шақ келтірмеді. Күміс медаль жергілікті Санжар Жеңісовтің, ал қола павлодарлық Еркебұлан Шамұхановтың еншісінде кетті. Бұған қоса шорт-тректің эстафета бағыты бойынша да чемпиондар белгілі болды. Қос қашықтықта, яғни ерлер арасындағы 5 шақырымдық және аралас 2 шақырымдық сында Нұр-Сұлтан құрамасы жеңіске жетті. Ал әйелдер эстафетасында Қостанай облысы өкілдері үздік нәтижені тіркеді. Екінші және үшінші орынға сәйкесінше Оралдан және Шымкенттен келген спортшылар жайғасты.