Сергей Морозов UFC ұйымындағы кезекті кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Сергей Морозов алдағы кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.

Морозов мұның алдында жекпе-жегін ақпан айында өткізіп, бразилиялық Дуглас Силва де Андрадеден жеңіліп қалды. Бұл оның осы ұйымдағы екінші жеңілісі болды.

«Саят Әбдірахмановтан (Морозовтың менеджері) жақсы жаңалық естідім. Енді бастысы ЧИТЕР келісімшартқа қол қою керек», - деп жазды Морозов Instagram парақшасында.

Бірақ Сергей келесі қарсыласының кім болатынын нақты айтпады. Дегенмен оның оқырмандары отандасымыздың алдағы қарсыласы Раулиан Пайва болуы мүмкін екенін жазды. Бұл спортшы осыған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен кездескен еді.

Одан бөлек, Морозовтың өзі дәл осы Пайвамен кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.