Қазақстан боксшыларының Сербия турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Сербияда өтіп жатқан халықаралық Београдски Победник турниріндегі Қазақстан құрамасы боксшыларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Турнирде алтын жүлдеге Олжас Байниязов (54 келіге дейін), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5-ке дейін) және Иляр Әшіров (75-ке дейін) таласады. Олар Сербия мен Марокко боксшыларымен кездеседі. 

Финалға шыққан үш үміткерден бөлек тоғыз қазақстандық қола жүлдесін иеленді.

Қазақстандықтардың қатысуымен өтетін финал: 

54 келіге дейін

Олжас Байниязов (Қазақстан) - Тамир Галанов (Сербия) 

63,5 келіге дейін 

Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) - Абдельхак Надир (Марокко) 

75 келіге дейін 

Иляр Әшіров (Қазақстан) - Йован Николич (Сербия)