Қазақстандық гимнаст әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық спортшы Милад Карими әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем кубогі кезеңінің финалында ол еркін жаттығуда отандасымыз 14.300 ұпай жинады. 

Айта кетерлігі, Израиль спортшысы Артем Долгопят жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери қола жүлдені қанағат тұтты.