Таиландта қазақ боксшылары бір-біріне қарсы рингке шықты

Қос қазақ қолғап түйістірді. Таиландттың Пхукет қаласында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр.

Оған 15 елден 130-дан аса қатысушы жиналды. Бірақ жеребе тарту рәсімінде 52 келідегі екі боксшысмыз Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай бір-біріне қарсылас атанды. Жекпе-жектің өзі тең дәрежеде өтті. Соныңда төрешілер шешімімен Сәкен жеңімпаз деп танылды. Енді қазақстандық боксшы ширек финалда жергілікті Танарат Саенфетпен жолығады. Бұған қоса жарыстың алғашқы күні 57 келідегі Серік Теміржанов пен 75 келідегі Аятуллан Тәкіжанов қарсыластарын ұтып, келесі кезеңге өтті. Ал ауыр салмақтағы Нұрбек Оралбай уақытынан бұрын қоржынға медаль салды. Жеребе нәтижесінде ол жарысты жартылай финалдан бастайтын болды. Пхукет қаласындағы турнир 10 сәуірге дейін жалғасады.