Қарағандылық велошабандоз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

ҚР спорт шебері Илья Қарабұтов жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топтық жарыста қола жүлдеге ие болды.

Қарағанды облысының велоспорт бойынша жас спортшысы Қазақстанның ұлттық жастар командасының құрамында өнер көрсетті. Тас жол велоспорты бойынша құрлықтық біріншілік 25–30 наурыз аралығында Душанбеде (Тәжікстан) өтті. Жарысқа әлемнің 27 елінен 428 спортшы қатысты. Қола жүлдегердің алғашқы жаттықтырушысы – Елена Поленова. «Мені спортшы ретінде тәрбиелеген Елена Владимировнамен жетістіктерім туралы жаңалықтармен ең бірінші кезекте бөлісемін. Алда өте маңызды старттар – мен қатысатын Әлем кубогының кезеңдері күтіп тұр. Жауынгерлік көңіл-күйдемін» – дейді Теміртаудың 17 жасар тумасы Илья Қарабұтов. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Душанбеде өткен чемпионатта тағы да Азия біріншілігінде өз көшбасшылығын дәлелдеді. Олар жеті алтын, сегіз күміс және бес қола медаль жеңіп алды.