Сәкен Бибосынов Таиландтағы турнирде медальсіз қалды

Сәкен Бибосынов Таиландтағы турнирде медальсіз қалды
Tengrinews

Сәкен Бибосынов Таиландтағы турнирдің ширек финалында ұтылып қалды. Пхукет қаласында (Таиланд) бокстан Thailand Open-2022 халықаралық турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық кездесуде Токиода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жарысты ұйымдастырушы елдің өкілі Танарат Саенфетпен кездесті. Төрешілердің шешімімен Сәкен ұтылып қалды.

Осылайша Бибосынов турнирде медальсіз қалды.

Еске салайық, турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Бибосынов жерлесі Санжар Тәшкенбайды ұтқан болатын.