Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ең жас әлем чемпионы атанған Бибісара 17 жасында осы ұйымның арнайы сертификатына ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен мәлім болды.

«Қыздар арасындағы блиц бойынша әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Ассаубаева 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген. Бибісара 17 жасында 2021 жылы 30 желтоқсанда Польшаның Варшава қаласында өткен блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті», – делінген ресми хабарламада.