Сергей Семак Нұрәлі Әліптің «Зениттегі» болашағы туралы пікір білдірді

«Зениттің» бас бапкері Сергей Семак «қазіргі уақытта командадан легионерлер кетуі мүмкін бе?» деген сауалға жауап берді.

Оның сөзінше, әзірге ойыншылардың ешқайсысы мұндай ой айтқан жоқ, бірақ бәрі өзгеріп кетуі мүмкін.

Бұл туралы Sport24.ru сайтына сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлады.

«Командадан біреу кетеді деп ойламаймын. Әзірге ойыншылардың ешқайсысы бұл туралы сөз қозғаған жоқ. Бірақ бүгінмен өмір сүру керек. Ертең ештеңе болмайды дегенге нақты сенім жоқ», – деді Семак.

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының футболшысы Нұрәлі Әліп «Зенит» сапында жалға беру құқығымен өнер көрсетеді.

Сондай-ақ...