Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

 – Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз. Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін, – деп жазылған Президенттің құттықтау жеделхатында. 

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының шаршы алаңда ертең өтетін кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, GGG ертең Жапония боксшысы Муратамен жекпе-жек өткізеді. Сондай-ақ Головкин туралы қызықты деректерді мына сілтеме бойынша оқуға болады.