Дзюдодан Азия кубогі: Қазақстан қыздар құрамасы үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық жас дзюдошылар Азия кубогінде үш қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан жастар арасында Азия кубогі мәресіне жетті. Қазақстан жастар қыздар құрамасы аталған құрлықтық бәсекені үш қола жүлдемен аяқтады. 

Атап айтқанда, Ұлдана Үсейн (57 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі) және Қымбат Сейтмаханбет (+78 келі) жарыста үздік үштік қатарынан көрінді.