«Астана» футбол командасы ел чемпионатында бестікке кірді

Қатарынан үшінші жеңіс. «Астана» кезекті рет басым түсіп, үздіктер қатарына қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан премьер лигасы аясында елордалық клуб өз алаңында «Тараз» командасын қабылдаған. Алаң иелері есеп ашты. 23-минутта Максим Эбонг мүмкіндігін мүлт жібермеді. Артынша «Тараз» сапындағы Лука Гадрани таразы басын теңестірді және бұл нәтиже 67 минутқа дейін сақталды. Ойынның соңына қарай қонақтар сапындағы Нұрлан Даиров өрескел қателік жіберіп, өз қақпасына гол соғып алды. Соның салдарынан «Тараз» 2:1 есебімен жеңіліп, турнир тізімінің 9-сатысына төмендеді.

Ал, «Астана», керісінше, алдыңғы бестікке кірді. Топ басында алматылық «Қайрат» келеді. Үздік үштікті Шахтер мен Тобыл түйіндеп тұр. 5-тур аясында қарағандылық «Шахтер» өз алаңында түркістандық Мақтаралды қабылдап, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Ал, Андрей Карпович баптайтын «Қызылжар» сырт алаңда «Тұранмен» тең түсті. Бұған қоса, кезекті турда Ақсу мен Ақтөбе жолығып, кейінгісі жеңімпаз атанды. Жоғарғы лига ойындары 16 сәуірде жалғасын табады.

ГОЛОВКИН ТОП БАСЫНА ШЫҚТЫ

Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альваресті ысырып, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына жайғасты. BoxRec сайтының жаңартылған тізімінде Генадий Головкин 691 ұпаймен көш бастап тұр. Ал, бұған дейін ұзақ уақыт үздік саналған Канело бір саты төмендеді. Бұған қоса, алдыңғы бестікте америкалық Теренс Кроуфорд, британиялық Тайсон Фьюри және украиналық Александр Усиктер бар. Айта кету керек, бұл барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтинг. Жерлесіміз бұл жетістікке соңғы жеңісінің арқасында қол жеткізді. Ол Жапония астанасында жергілікті Рета Муратамен жолығып, жекпе-жекті уақтынан бұрын аяқтады. Соның арқасында IBF, IBO және WBA тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Головкин бүгінге дейін 44 кездесу өткізіп, оның 42-сінде басым болды.

Қатарынан үшінші жеңіс. «Астана» кезекті рет басым түсіп, үздіктер қатарына қосылды. Қазақстан премьер лигасы аясында елордалық клуб өз алаңында «Тараз» командасын қабылдаған. Алаң иелері есеп ашты. 23-минутта Максим Эбонг мүмкіндігін мүлт жібермеді. Артынша «Тараз» сапындағы Лука Гадрани таразы басын теңестірді және бұл нәтиже 67 минутқа дейін сақталды. Ойынның соңына қарай қонақтар сапындағы Нұрлан Даиров өрескел қателік жіберіп, өз қапасына гол соғып алды. Соның салдарынан «Тараз» 2:1 есебімен жеңіліп, турнир тізімінің 9-сатысына төмендеді.

Ал, «Астана», керісінше, алдыңғы бестікке кірді. Топ басында алматылық «Қайрат» келеді. Үздік үштікті Шахтер мен Тобыл түйіндеп тұр. 5-тур аясында қарағандылық «Шахтер» өз алаңында түркістандық Мақтаралды қабылдап, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Ал, Андрей Карпович баптайтын «Қызылжар» сырт алаңда «Тұранмен» тең түсті. Бұған қоса, кезекті турда Ақсу мен Ақтөбе жолығып, кейінгісі жеңімпаз атанды. Жоғарғы лига ойындары 16-сәуірде жалғасын табады.

ЕЛОРДАДА ЖҮЗУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Жүзден жүйрік. Дәл осындай атаумен елордада жүзу жарысы өтті. Оған олимиадалық даярлау орталығының 200-ге жуық шәкірті қатысты. Олар 50 және 25 метрге еркін жүзу бойынша өзара мықтыны анықтады. Бәсеке балалар және жасөспірімдер арасында болды. Ең кішісі – 5 жаста. Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі өрендер де барлығымен бірдей жарысқа араласып, бақтарын сынап көрді. Осы арқылы бұқаралық  спорттың дамуына дүмпу әкелсек дейді басы-қасындағылар. Бұған қоса, болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеуге ерекше ден қоймақ. Айта кету керек, осындай форматтағы дода алғаш қолға алынды және алдағы уақытта оны тұрақты ұйымдастыру жоспарланып отыр.