Геннадий Головкин Риота Муратамен болған айқас жайлы видео жариялады

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің YouTube-арнасында жапониялық боксшы Риота Муратамен болған кездесуге арналған видео жариялады.

WBA Super және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына талас 9 сәуір күні Сайтамада өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шебері 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Видеодан кадр сыртындағы сәттер, чемпион мен оның бапкерінің сұхбатын және жекпе-жек үзінділерін көруге болады.