Жәнібек Әлімханұлының боксшылар рейтингіндегі орны жоғарылады

Жәнібек Әлімханұлының боксшылар рейтингіндегі орны жоғарылады
Sports.kz.

Badlefthook.com сайты боксшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды. Тізімде қазақстандық Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы да бар, деп хабарлайды Sports.kz.

GGG-дің жеңісі Муратаны төртінші орыннан тоғызыншы орынға ығыстырды. Есесіне Әлімханұлы жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Бұл тізімде Головкин көш бастаса, екінші және үшінші орынды Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде бөлісті.

Айта кетейік, Жәнібек The Ring беделді басылымының рейтингісінде де жоғарылаған болатын.