Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев түркиялық Алтуг Челикбилекпен жұптасып Мадридте (Испания) өтіп жатқан «Челленджердің» ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар қазақстандық Григорий Ломакин мен өзбекстандық Санжар Файзиевті үш сетте жеңді. 1 сағат 27 минутқа созылған 7:6, 5:7, 10:7 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда олар уругвайлық Пабло Куэвас және аргентиналық Гильермо Дуран жұбымен кездеседі.