Дамир Ысмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

UFC-дегі қазақ спортшысы Дамир Ысмағұловтың келесі қарсыласы мен жекпе-жегі өтетін уақыт анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дамир бұл жолы швециялық Гурам Кутателадземен өзара кім мықтыны анықтайды. Кездесу 19 маусымда UFC Fight Night аясында ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, Ысмағұловтың жекпе-жек алаңына шықпағанына бір жылға жуық уақыт болды. Соңғы рет ол октагонға 2021 жылдың мамырында шығып, төрешілердің ортақ шешімімен бразилиялық Рафаэль Алвесті ұтты.