«Астана»  шабандоздары алдыңғы ондықта 

Италияның таулы-қыратты аумағында велокөпкүндік жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сицилия турының үшінші кезеңінде шабандоздар 171 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде хорватиялық Фран Михолевич мәреге бірінші болып жетті. Ол аталған аралықты 4 сағат 54 минут 7 секундта бағындырды. «Астана» сапынан ең тәуір көрсеткішке Винченцо Нибали қол жеткізді. Ол жарыс қорытындысы бойынша 6-сатыға тұрақтады. Тағы бір қазақстандық клуб мүшесі Валерио Конти 8-орында. Андрей Зейц пен Симоне Веласко, сәйкесінше, 12 және 16-сатыларға тұрақтады. Жалпы есепте Винченцо Нибали үздік үштікті түйіндеп тұр және  топ басына шығуға мүмкіндігі бар. Сицилия турының жалпы қорытындысы 16 сәуірде белгілі болады.

ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ   

Жарысты Путинцева мен Кербер бастайды. Бүгін Билли Джин Кинг Кубогының алғашқы кездесуі өтеді. Әйелдер арасындағы командалық турнир 5 мачтан тұрады. Жеңіске жеткен тарап әлемдік аламанның финалына шығады. Жалғыз жолдаманы Қазақстан мен Германия құрамалары сарапқа салмақ. Қос тарап та бірер күн бұрын елордаға келіп, дайындықты пысқытауға кірісті. Жеребе тарту нәтижесінде ең бірінші болып қазақстандық Юлия ПутИнцева мен үш бірдей үлкен дулығына ұтқан, әлемдік рейтингтің көшін бастаған  Анжелика Кербер ойнайды. Ал, ұлттық құраманың үздігі Елена Рыбакина Лаура Зигемундпен жолығатын болды. Рыбакина қазір әлемдік рейтингте 19-шы тұр. Жұптық сында ел намысын Анна Данилина мен Ярослава Шведова қорғайды. Германия құрамасынан Анна-Лена Фридзам мен Юле Нимайер жұбы кордқа шығады. Елордадағы турнир грунт төсеніште өтеді. Ал жарыстың өзі 2 күнге созылады.