Жәнібек Әлімханұлы жаңартылған WBC рейтингінен шығып қалды

Жәнібек Әлімханұлы жаңартылған WBC рейтингінен шығып қалды
Vesti.kz

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) жаңартылған Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінен шығып қалды, деп жазады Vesti.kz.

21 мамыр күні Әлімханұлы ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы кездесуде орта салмақта WBO ұйымының «уақытша» чемпиондық атағын сарапқа салады. Осы үшін де WBC қазақстандық боксшыны өз рейтингінен шығарып тастаған.

WBC рейтингінің жаңартылған тізімінің оныншы сатысына Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) жайғасқан.

Ал аса ауыр салмақта Жан Кособуцский (16-0, 9 КО) 19-орында тұрса, бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) 32-орынға орналасты.