Нұр-Сұлтанда теннис жарысы өтті: Қазақстан – Германия 2:0

Нұр-Сұлтанда теннис жарысы өтті: Қазақстан – Германия 2:0

Билли Джин Кинг кубогының алғашқы турында Юлия Путинцева жеңіске жетті. Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Анжелика Кербермен кортқа шыққан Қазақстандық теннисші үш партияға созылған ойынды өз пайдасына шешті.

Бірінші сетте Кербер 6:3 есебімен басымдық байқатты . Бірақ келесі екі сетте Путинцева 6:3, 6:2 есебімен айласын асырды. Жекелей сындағы екінші ойында Елена Рыбакина да жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы неміс қызы Лаура Зигемундтан 6:0, 6:1 есебімен басым түсті.

Юлия Путинцева, теннисші:

Қарсыласты жеңу үшін әдіс айла таптым. Оның әлсіз тұстарын ойын ортасында аңғардым. Сол бойынша ойымды жүзеге асырдым. Өте қуаныштымын.