Лондонда нокаутпен жеңіске жеткен қазақстандық боксшы батыл мәлімдеме жасады

Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Сұлтан Зәуірбек (13-0, 9 КО) Лондонда сәуірдің 15-інен 16-сына қараған түні аргентиналық Николас Ботеллиді (11-7, 6 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін өзінің болашағы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зәуірбек қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Ботелли жекпе-жекке шақыртуды қысқа мерзімде қабылдады. Зәуірбек бастапқыда мальталық Хайтем Лаамузбен жұдырықтасып, WBO European титулын қорғауы керек еді. 

«Жауапты жұмыс атқарылды. Жеңіс біздікі. Енді өз салмағымды бағындырғым келеді. Алға, Қазақстан», – деп жазды Зәуірбек Instagram парақшасына.