Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Әлем кубогінде қолаға ие болды

Ташкентте өтіп жатқан Әлем кубогы сериясының үшінші кезеңі 17 сәуірде аяқталады. Алғашқы екі кезең Афина мен Софияда өтті. Қазақстан командасы көркем гимнастикадан топтық жаттығуларда Ташкенттегі әлем кубогында көпсайыста қола медаль ұтып алды, деп хабарлады Қазақстандық гимнастика федерациясы.

Команда құрамында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.

Болгариядан келген жеңіл атлеттер алтыннан алқа тақса, Өзбекстан құрамасы күміспен күптелді.