Шавкат Рахмонов UFC-мен жаңа келісімшартқа отырды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Twitter-дегі парақшасында UFC-мен жаңа келісімшарт жасасқанын хабарлады.

Келісім бірнеше айқасқа есептелгені айтылды. Дегенмен қаржылық тұсы айтылған жоқ.

Қазақстандық спортшы UFC-дегі өзінің соңғы кездесуін 5 ақпанда Карлстон Харриспен өткізіп, алғашқы раундта-ақ нокаутпен жеңді.

Жақында Рахмонов американдық промоушнде өзінің жаңа қарсыласын білді: UFC-дегі жеңіс санынан рекордшы (19) Нил Магни, лақап аты ­– «Гаитилік сенсация».