Грек-рим күресі: Азия чемпионатында қоржынымызға үш күміс медаль түсті

Қазақстандық балуандар Ұлан-Батырда (Моңғолия) грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әзірге үш күміс медаль иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғаш болып 55 келі салмақ дәрежесінде Аманғали Бекболатов финалдық айқасын өткізді. Ол ақтық сында жапониялық Ю Шиотанимен белдесіп, кездесу 13:2 есебімен жапониялық балуанның пайдасына шешілді.

63 келінің финалында Мейрамбек Айнағұлов Тынар Шаршенбековке (Қырғызстан) есе жіберді. Екеуара кездесу қырғызстандық балуанның таза жеңісімен аяқталды. 

Ал Мақсат Ержепов құрлықтық доданың финалында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, атақты қырғызстандық балуан Ақжол Махмұдовпен белдесті. Ақтық кезеңде қазақстандық спортшы 3:1 есебімен қарсыласынан жеңіліп қалды. 

Сондай-ақ...