Азия чемпионаты: балуан Ернұр Фидахметов қола жүлдегер атанды

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Ернұр Фидахметов Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль иеленді.

Жарыстың екінші күнінде қола медаль үшін таласта Ернұр Фидахметов (60 кг) бозкілем иесі Балийннямнан басым түсті – 12:6.

Ернұрдан бөлек бүгін алаңға тағы төрт балуан шығады:

Финал (67 кг): Мейіржан Шермаханбетов – Хансу Риу (Корея).

Финал (72 кг): Абылайхан Әмзеев – Мохамад Реза Хойотолла Мохтари (Иран).

Финал (82 кг): Диас Қален – Расул Саде Гармсири (Иран).

Үшінші орын үшін (97 кг): Санжар Серікқан – Такихито Цурудо (Жапония).