«Манчестер Сити» АПЛ-де көш бастады

«Манчестер Сити» АПЛ-де көш бастады
Sportbox

Өз алаңында «Брайтонды» ұтқан «Манчестер Сити» АПЛ-дің турнир кестесінде қайтадан көш басына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Эитхад» стадионында өткен ойында есеп тек екінші таймда ашылды. Рияд Марез (53-минут) алғашқы гол авторы атанса, 66-минутта Фил Фоден есепті арттырды, ал 85-минутта Бернарду Силва 3:0-ге дейін жеткізді.

Бұл жеңіс арқасында «Манчестер Сити» 77 ұпай жинап, Англия чемпионатының турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға шықты. Екінші орында «Ливерпуль» (76) тұр.