Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды
ҚР ҰОК

Қазақстандық балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

68 келіде белдескен Мадина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Мейірім Жұманазарованы жеңді. Финалда Мадина 2:1 есебімен жеңіліп тұрып, белдесу соңына қарай ұтымды әдіс жасап, есепті алға жылжытты. Нәтижесінде белдесу соңында отандасымыз қарсыласынан 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатыр.