Гүлмарал Ерекебаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 келіде қола жүлдені жеңіп алды. Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы жергілікті Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді.

Айта кетерлігі, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 68 келі салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова Азия чемпионы атанды.